Жаттың пәтерін жалға берген
Жаттың пәтерін жалға берген
Ақтөбеде өзгенің пәтерін жалға берген әйел ұсталды. Полицияға жүгінген жәбір­ленуші­лердің айтуынша, олар белгісіз әйелден бір айға пәтер жалдаған. Сөйтсе, алаяқтың өзі бұл пәтерлерді жал­ға алған болып шыққан. Жедел іс-шараларды өт­кізу барысында полиция қызметкерлері 34 жас­тағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жет­кізді. Кү­дік­тінің өзі бұрын бір күнге жалға алған пәтерді жалға беру сылтауымен ұзақмерзімге қайта­ тап­сыр­ғаны анықталды. Әзірге 6 жәбірленуші әккі әйел­дің құрығына ілінген. Осы факті бойын­ша ҚК-тің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ж.АСҚАРБЕК