Ақтөбеде өзгенің пәтерін жалға берген әйел ұсталды. Полицияға жүгінген жәбірленушілердің айтуынша, олар белгісіз әйелден бір айға пәтер жалдаған. Сөйтсе, алаяқтың өзі бұл пәтерлерді жалға алған болып шыққан. Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдіктінің өзі бұрын бір күнге жалға алған пәтерді жалға беру сылтауымен ұзақмерзімге қайта тапсырғаны анықталды. Әзірге 6 жәбірленуші әккі әйелдің құрығына ілінген. Осы факті бойынша ҚК-тің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ж.АСҚАРБЕК