Ендігі жерде декларацияны 15 шілдеге дейін – қағаз түрінде, 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсыру қажет. Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. eGov порталында «Кеден және салықтар», «Салық салу» бөлімінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) электронды түрде ұсыну функционалы іске қосылды.
«Салық кодексінің 633-бабына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) Салық кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады», – делінген хабарламада. Биыл бұл декларацияны 2021 жылы, яғни бірінші кезеңде, декларациялау жүйесіне кірген тұлғалар тапсырады.
Ж.АСҚАРБЕК