«AMANAT» партиясының мүшелері екібастұздық 1 мыңнан астам балаға демалыс ұйымдастырды. Оқушылар қысқы демалысты Семей, Алматы қалаларының және Алматы, Түркістан, Павлодар және Ақмола облысының шипажайларында өткізеді. Олардың алғашқы легі демалысқа аттанып үлгерді. Нақтырақ айтсақ, екібастұздық 35 бала қысқы каникул кезінде Ақмола облысының Зеренді ауданындағы «Парус» демалыс базасында тынығады. Бүлдіршіндірге 4 мұғалім мен 1 медицина қызметкері бекітіліп, демалыс орнына бірге келді. Екібастұздан Көкшетауға қатынайтын пойызды «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан өңірлік филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров қарсы алды. Ол балалармен бірге Зерендіге дейін барып, оларды лагерьге орналастыруға атсалысты.
«Балалардың демалысы «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Партияның облыстық филиалы балалардың саяхаты мен демалысына ақша жинады. Оның басым бөлігі – демеушілердің қаржысы. Бүгінде бүкіл ел Екібастұз тұрғындарына жанашырлық танытуда. Қиын күндер артта қалғанда, біз демалыс кезінде балалардың көңілін аулап, оларға ерекше назар салып жылытқымыз келеді», – деді Болат Данияров.Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде «AMANAT» партиясының волонтерлері мен белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмек таратуға атсалысқаны белгілі. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер, қажетті заттар таратылды. Екібастұздықтарға көрсетілетін көмек мұнымен шектелген жоқ. Мәселен, партиялық уәделерді орындау мақсатында аманаттықтар балаларға қысқы каникул кезінде демалыс ұйымдастырды. Ал осы кезде Екібастұздағы зардап шеккен пәтерлерде жөндеу жұмысы жүргізілуде. Балаларды шипажайларға жіберу жұмысымен тікелей «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы айналысады. Филиал төрағасы Илья Теренченко ауқымды дайындық жұмысы жүргізілгенін атап өтті. Яғни, ата-аналардың рұқсаты жиналып, партия аппараты қызметкерлерінің, мектеп мұғалімдері мен медицина саласы мамандарының қатарынан балалармен бірге еріп жүретін азаматтар дайындалды.
«Екібастұздық 1 мыңға жуық бала ел аумағындағы шипажайларға демалуға аттанды. Ең бастысы, балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, олардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жаңа жыл жағымды оқиғалардан басталып жатқаны қуантады. Балалар Қазақстанның жаңа қалаларын аралап, құрбы-құрдастарымен танысып, денсаулығын нығайта алады», – деді ол.Балалар төтенше жағдай кезінде қиын болғанын айтады. Бір ай бойы олар суықта өмір сүруге мәжбүр болды, батареялар жарылды, тек еріктілер әкелген жылытқыштардың септігі тиді. Қазір жағдай тұрақталды. Балалар Зерендіде қысқы демалыстарын тиімді өткізе алады. Олардың барлығы белсенді демалыстан дәмелі. Бұған дейін балалар мұнда ешқашан болған емес. Оларға Арқаның кербез сұлу Көкшетауы бір дегенде жақсы әсер қалдырды. Балалардың айтуынша, Зерендінің табиғаты өте әдемі, ауасы таза. Ата-аналардың пікірінше, балалар ең бастысы – қысқы демалысты тиімді өткізіп, жаңа оқу тоқсанына күш-қуат жинап қайтады.
«Екі қызым Ақмола облысындағы «Парус» лагеріне барады. Осындай тамаша іс-шараға демеушілік жасап, жолдама ұсынған, демалыстың қызықты да тартымды бағдарламасын қарастырған «AMANAT» партиясына ерекше алғысымды білдіремін. Волонтерлермен бірге мен де көрпелер, жылытқыштар таратқан болатынмын. Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатқанына қуаныштымын», – деді Екібастұз қаласының тұрғыны Ирина Шабалдина.Демалысқа келген әр баланың күрес, хоккей, футбол, аралас жекпе-жек, шахмат, теннис, би сияқты өз хоббиі бар. Демалыс кезінде ұлдар мен қыздар өздеріне ұнайтын іспен шұғылданады. Кішкентай қонақтардың демалысы үшін мерекелік бағдарлама, спорттық және басқа да іс-шаралар дайындалды. Күн сайын дискотека, концерт, түрлі жарыс, көлде және орманда конькимен, шаңғымен сырғанау, қарда жүретін көліктермен серуен ұйымдастырылады.
«Пойызда бір-бірімізбен танысып, түрлі ойын ойнадық. Бұған дейін Түркістанға ата-әжеммен бірге келген едім. Түркістан өзінің кесенелерімен, түрлі мұражайымен танымал екенін жақсы білемін. Бірақ ол кезде өте кішкентай болдым. Көп дүние есімде қалмады. Сондықтан бұл жолы танымдық әрі белсенді демалысты біріктіре алатыныма ризамын», – деді ол.Барлық уақыт бойы мамандар балалардың жағдайын мұқият қадағалап отырады. Партиялықтар демалыс базасының басшылығымен тұрақты байланыста болады. Жалпы, Ақмола облысының аумағында Екібастұздан барлығы 440 бала демалады. Сондай-ақ Ақмола, елордалық, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе партия филиалдары балалар үшін сапар ұйымдастырды. Еліміз бойынша барлығы мыңнан астам бала демалады. Олар соңдай-ақ Алматы қаласындағы, Алматы, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарындағы демалыс базаларына барады.
Солтүстік Қазақстан облысы