Талант Арғынғалиға «Алтын Домбыра» табысталды
Талант Арғынғалиға «Алтын Домбыра» табысталды
Алматыда, Республика сарайында айтыскер ақын, көптеген танымал әндердің авторы, "Мәдениет саласының үздігі" Талант Арғынғалидың "Таланттан тарту" шығармашылық ән, айтыс кеші өтті. Кеште «МузАрт», «Каспий», «Жігіттер», «Заман» тобы, «Жанболат пен Жазира», «Нұрлан мен Мұрат», Төреғали Төреәлі, Ғазизхан Шекербеков, Дана Кентай, Мұрат Тоқашбаев, Лашын Мұратқызы, Асқар Жүнісбеков, Дәурен Сейтжанов, «Шамшырақ» дуэті, Асхат Үрпеков және белгілі айтыскер ақындар Балғынбек Имашев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы өнер көрсетті. Сондай-ақ Халықаралық жыршы, термеші және айтыс ақындары одағының төрағасы Жүрсін Ерман, Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары Дәулетхан Жанқадырұлы Жиенқұлов, ақынның өзі туып өскен БҚО Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асылханұлы Асантаев, БҚО Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Бас директоры Ернұр  Бурахан сахна төрінде кеш иесіне  тілектерін арнап, құттықтау хаттарын табыстады. «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Бас директоры Ернұр Көшерханұлы талай айтыстарда топ жарған талантты ақынға радио ұжымы атынан «Алтын домбыра» табыстады. Талант Арғынғали 1980 жылы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылында дүниеге келген. Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері. Сондай-ақ «Музарт» тобының «Махаббат гүлі солмайды», «Не деген көркем едің?!», «Достарым», «Кел, жаным...» т.б, Нұр-Мұқасан тобының «Сіздер үшін...», «Махаббат әні», Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Сағыныш», «Жігіттер» квартетінің «Сен ойлама...», «Арман қала», сондай-ақ  «Заман» тобының ән-қоржынындағы «Мені ойла!», «Асыл жарым», «Қарақат көзің...» сияқты ел арасына кең тараған ән мәтіндерінің авторы, Қазақ радиосының журналисі.