Bloomberg: McDonald’s Қазақстан нарығынан кетуі мүмкін

Bloomberg: McDonald’s Қазақстан нарығынан кетуі мүмкін

Ресейден ет тасымалдау мүмкіндігінен айырылған McDonald's Қазақстан нарығынан біржола кетуі мүмкін. Бұл жөнінде Bloomberg агенттігі хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, Ресей нарығынан кеткен соң McDonald's Қазақстандағы франчайзиге Ресейден ет сатып алуға тыйым салған. Қазақстандағы McDonald’s франчизасының операторы Food Solutions KZ тасымалдау мәселелеріне байланысты қараша айында жұмысын тоқтатқан болатын.