Қаңтар оқиғасы бойынша 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр
Қаңтар оқиғасы бойынша 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр
807
оқылды
Қаңтар оқиғасы бойынша 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлімдеді.
«Қазір 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Тергеу нәтижесін міндетті түрде қоғамның назарына жеткізетін боламыз», – деді Б.Асылов.
Қаңтар оқиғасынан кейін 1 095 адамға қатысты рақымшылық жарияланды. Сонымен қатар қаңтардағы азаптаулар туралы шағымдар бойынша 329 қылмыстық іс қозғалған.