Қаңтар оқиғасы: Алматы облыстық Полиция департаменті экс-басшысының жұмыс орнын тастап кеткен видеосы жарияланды
Қаңтар оқиғасы: Алматы облыстық Полиция департаменті экс-басшысының жұмыс орнын тастап кеткен видеосы жарияланды
7,797
оқылды
Мәжілісте Қаңтар оқиғасы туралы жаңа деректі фильм көрсетілді. Кадрларда, сол кезде Алматы облысының полиция басшысы қызметін атқарған Серік Күдебаевтың күзетуге тиісті департамент ғимаратынан қарулы күзетшілермен қалай шығып кеткені көрсетілген.
"Қаңтар оқиғасы кезінде бірқатар облыстағы ҰҚК жергілікті бөлімшелері мен полиция бөлімшелерінің басшылары қарамағындағыларға жұмыс орындарынан кетуге бұйрық берді. Мысалы, мына кадрлардан сол кезде комендант болған Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Күдебаевтың полиция ғимаратынан қалай шығып кеткенін көруге болады", –  делінген сипаттамада.
Сондай-ақ кадрларда Алматы әуежайы ғимаратын басып алудан жарты сағат бұрын тәртіп сақшылары "үйлеріне тарау" туралы бұйрық алғаны айтылады.