Бас прокуратура дайындаған деректі фильмде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер қалай ұйымдастырылғаны жайлы көрсетілді
Бас прокуратура дайындаған деректі фильмде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер қалай ұйымдастырылғаны жайлы көрсетілді
632
оқылды
Бас прокуратура «Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек» деректі фильмінде бүлікшілердің қалай жиналғаны және олардың жүру бағыты қалай ұйымдастырылғанын жариялады. Ведомство мәліметінше, бүлікті ұйымдастырушылар нақты жоспарға сай әрекет еткен. Мәселен, Алматы қаласында жиналатын екі орын белгіленген. Оның бірі қаланың батысындағы – «Алматы Арена» спорт кешенінің маңы, екіншісі – шаһардың шығысындағы «Халық Арена» кешенінің алаңы. Екі жерде де жиналатын уақыт бірдей – кешкі сағат 18:00-20:00 аралығы.
«Бұл ақпараттарды халыққа «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлері арқылы жеткізген. Алматыда санаулы сағаттардың ішінде бір мессенджердің қатысушылар саны 140-тан 5,5 мыңға дейін артқаны анықталды. Екі топ та бір мезетте, яғни кешкі сағат 21:00-де бір бағытқа қарай қозғала бастайды. Олар әкімдік ғимаратына беттейді. Абай, Төле би сияқты көшелермен жүріп, жол бойы жолыққандарды қатарға қосып отырады. Республика алаңына жеткенше, адам саны 10 мыңға жуықтайды. Таяқ, арматура, дубинка, балта сияқты құралдармен, жанғыш, жарылғыш заттармен қаруланған бүлікшілер полиция қызметкерлері мен әскерилерге қарсы соққы береді. Бір адамға бірнешеуі жабыла кетеді» делінген деректі фильмде.
https://www.youtube.com/watch?v=Buitex8K8H4&ab_channel=%D0%93%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B0%D1%8F%D0%9F%D1%80%D0%BE%D0%BA%D1%83%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B8%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD