Қаңтар оқиғасына дайындық жыл бойы жүргізілген – Бас прокурор
Қаңтар оқиғасына дайындық жыл бойы жүргізілген – Бас прокурор
460
оқылды
Бас прокурор Берік Асылов 5 қаңтар күнгі Мәжілістің жалпы отырысында Қаңтар оқиғасына дайындық жыл бойы жүргізілген деп мәлімдеді.
– "2021 жылы жыл бойы жасырын түрде радикалды шара қолдану үшін орындаушыларды дайындау жүргізілгенін ғана айта аламын. Орындаушылардың қатарында ұйымдасқан қылмыстық топтар болған. Олар адамдарды жинап, қаруландырған, рация және көлік сатып алған. Тергеу анықтағандай, осы бүлдіргі әрекеттердің басында күш құрылымдарының жекелеген өкілдері тұрған" –  деді Асылов.
Тергеу нәтижесіне сәйкес Алматыда Арман Жұмагелдиевтің рөлі күшті болған. Оның әрекетін ҰҚК-дегі кураторы үйлестіргені анықталған. Бас прокурордың сөзінше, қылмыстық топ арасында танымал Арман Жұмагелдиев тәртіпсіздікті ұйымдастырып, тобырды бақылауына алып, билікке радикал талаптар қою үшін "халық кеңесін" құруды көздеген. Тергеу органдарының болжамынша, оған Алматы мәслихатының экс-депутаты, сонымен бірге қылмыстық топ мүшесі Махатов көмектескен. Махатов Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйіне келген бұзақыларға қару үлестірген.