Мұз ойылып, Жайық өзеніне түсіп кеткен 2 адамның біреуі құтқарылды

жайық

Атырауда Жайық өзенінің мұзы ойылып, суға түсіп кеткен екі адамның біреуі құтқарылды. Ал екінші адамды іздеу әлі жалғасып жатыр.

Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға бүгін, 5 қаңтарда болған.

Атырау қаласының маңындағы Жұмыскер ауылынан жергілікті уақытпен сағат 11:14-те екі адамның Жайық өзенінің мұзы ойылып, суға түсіп кеткені туралы шақырту түскен.

Оқиға орнына жеткен облыстық Полиция  департаменті балық қорына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің инспекторлары, полиция капитаны Жеткіншек Иманғалиев пен полиция аға сержанты Айбат Жауымбаев жедел жетті.

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.