ШҚО-да боранда қалғандар үшін жедел желі іске қосылды
ШҚО-да боранда қалғандар үшін жедел желі іске қосылды
Шығыс Қазақстан облысында боранда қалғандар үшін жедел желі іске қосылды. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығы, нақты айтқанда боран мен көктайғақ салдарынан жолда қалған азаматтарға көмек көрсету мақсатында жедел штаб құрылды.
- Тұрғындар үшін 8 (7232) 55-38-19 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды. Қазіргі уақытта облыста 10 жылыту пункті жұмыс істеп тұр, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында 8 жол әлі жабық. Олар: 1.​ Предгорное - Шемонаиха – РФ шекарасы 2.​ ​Герасимовка.-Семей 3.​ ​ Қалбатау-Қайсенов 4.​ ​ Тарғын-Самар 5.​ ​ ​ Абай облысының шекарасы-Шемонаиха 6.​ ​ ​ Шемонаиха-Секисовка 7.​ ​ ​ Шемонаиха -Үлкен өзен​ ​ 8.​ ​ ​Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік.