Шымкентте жоғалған қыз табылды

Шымкентте жоғалған қыз табылды

Шымкентте Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен Анельді іздеп тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz. Естеріңізге сала кетейік, 30 желтоқсанда Абай АПБ-ға жергілікті тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған қызы жоғалғаны туралы шағымданған болатын. Белгілі болғандай, қыз туыстарымен жанжалдасып үйінен шығып кеткен. Бұған дейін жасөспірім 3 рет үйінен кетіп қалып, полицейлер оны анасына қайта тапсырған. Шымкент қаласы ПД-ның жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен еріктілер жоғалған қызды 7 күн бойы тоқтаусыз іздеді. Баланы іздеу жұмыстары Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында болды. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жедел уәкілдер жасөпірімді теміржол вокзалында тапты. Анықталғандай, Анель бұл күндері бейтаныс адамдардың үйінде жасырынған. Өз бетінше жұмысқа орналасуға тырысқан.