Ауғанстандағы жер сілкінісі Шымкентте сезілген

Ауғанстандағы жер сілкінісі Шымкентте сезілген

ҚР ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 желтоқсанда сағат 20:25-те жер асты дүмпулерін тіркеді. Зілзала 5 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 20:25 кезінде болған. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 859 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 14,4. MPV магнитудасы – 6,6. Тереңдігі – 200 км. МSК-64 бағаны бойынша Шымкент қаласында 2-3 балл көлемінде сезілген.

«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ», – деп мәлім етті Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.