Өткен тәулікте 211 адамнан коронавирус анықталды. 8 адам емделіп шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 589 адам коронавирустан (–2 410+ және 179 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде, 283 пациент стационарда, 2 306 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 12 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.