Қарағанды облысында 30 жолаушысы бар автобус қар құрсауында қалды
Қарағанды облысында 30 жолаушысы бар автобус қар құрсауында қалды
Фото: kaztag.kz
Қарағанды облысында 30 жолаушы мінген автобус қар құрсауынан шығарылды. Бұл туралы Aikyn.kz «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап хабарлайды.  5 қаңтар күні кешкі сағат 21:30 шамасында Қарағанды-Балқаш автожолының 1750 шақырымында 30-ға жуық жолаушы мінген автобус қар құрсауынан шығарылды.   Автобус жүргізушісі айналма жолға шығып, адасып кетті. Кейін ол «ҚазАвтоЖолдың» бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, көмек сұрады. Оқиға орнына келген жолшы мамандар көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ.