Мемлекет басшысы Дархан Кәлетаевқа тапсырма берді
Мемлекет басшысы Дархан Кәлетаевқа тапсырма берді
© Ақорда
138
оқылды
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді. Еске салсақ, Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалған болатын.