Түркістан облысында ер адам «әскери билет әперемін» деп танысын алдап, ақша алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші әйел былтыр қазан айында танысына 140 мың теңге бергеніне арызданған. «Балаңызға әскери билет шығарып беремін» деген уәдеге сенген тұрғын соңында сан соғып қалған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Тәртіп сақшылары алаяқты анықтап, ұстады. Полиция басқармасына жеткізді. Күдікті кінәсін мойындап, қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жібергенін айтты. Тергеу жүргізіліп жатыр.