«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Фото: yandex.kz
374
оқылды
Ел арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі биыл 7 наурызға дейін ұзартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, былтыр 7 қаңтарда Алматыда «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алған болатын.