Екібастұздық балалар демалыс лагерьлерінде тегін демалады
Екібастұздық балалар демалыс лагерьлерінде тегін демалады
2,978
оқылды
Екібастұзда ұзақ уақыт жылусыз қалып, жаураған жүздеген отбасына өңірдің әр түкпірінен көмек беріліп жатыр. «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен зардап шеккен екібастұздық 400-ден астам отбасының оқушылары қысқы демалысын Ақмола облысындағы Ақкөл, Бурабай және Зеренді ауданындағы спорттық-сауықтыру кешендерінде өткізетін болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Бүгін таңғы төрт шамасында Павлодардан Көкшетауға келген пойыздан «AMANAT» партиясының қызметкерлері екібастұздық оқушылар мен олардың жетекшілерін күтіп алып, Зерендідегі «Парус»,«Сұңқар» демалыс орнына, Бурабайдағы «Звездный» лагеріне жеткізіп, балаларды орналастырды.  width= Мұндай шара «AMANAT» партиясының бастамасымен Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасылардың балаларын сауықтыру орындарында демалуға жіберу мақсатында ұйымдастырылған. Жалпы республика бойынша 1000-нан астам екібастұздық мектеп оқушысына шипажайлар мен спорттық-сауықтыру кешендеріне баруына жағдай жасалмақ. Демалысқа келген оқушылар 15 жасқа дейінгі балалар. Балалар 10 қаңтарға дейін жоспарға сай түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысады, шаңғы, коньки теуіп, олар үшін орман саяхаттары жоспарланған. Жалпы, балалардың демалысын қызықты өткізу үшін барлық жағдай қарастырылыпты. Партияның бұл бастамасы балақайларға ерекше серпін сыйлайтыны сөзсіз. Жалпы, «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан игілікті істе екібастұздық балалар Ақмола облысының Бурабай, Зеренді демалыс орындарымен қоса, Алматы облысы, Абай облысы мен Түркістан қаласында демалу қарастырылған. Ақмола өңірінде демалыс ұйымдастыруға партияның Астана, Атырау, Ақмола, СҚО, Жамбыл, Маңғыстау және Қостанай филиалдары атсалысты. Оқушылардың демалысына қаржылай көмек көрсетуде өңіріміздің кәсіпкерлері атсалысып, үлкен қолдау көрсетті. Ақмола өңіріне белгіленген әр облыс екібастұздық оқушылардың сапалы демалысын ұйымдастыруға барынша жағдай жасауға ниетті. Ақмола облысы