Jas Otan төрағасы шымкенттік жастармен кездесті

Jas Otan төрағасы шымкенттік жастармен кездесті
© oninfo.kz

Jas Otan жұмыс сапарын еліміздің оңтүстігінде жалғастыруда, - деп хабарлады oninfo.kz.

Jas Otan төрағасы Елнұр Бейсенбаев Шымкент қаласындағы іссапар барысында «Айна» базарында орналасқан консалтинг-орталықтың жұмысымен танысып, базардағы жастармен әңгімелесті.

Жастарға қазіргі таңда жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасына ұсыныстар жиналды.

Сонымен қатар, жастар қанатының төрағасы шымкенттік жасотандықтармен кездесті. Жастар қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспарлары жайлы баяндады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.