Content-review.com агенттігінің басшысы Сергей Половников 40 градус аязда смартфонды пайдалану қауіпті екенін айтты. Aikyn.kz ресейлік Lenta.ru сайтында жарияланған материалға сілтеме жасап, неліктен қыс мезгілінде смартфонды көшеде қолдану қауіпті екенін зерттеп көрді. [caption id="attachment_234919" align="aligncenter" > Суықтан жылы бөлмеге кіргенде смартфонның бөлшектерінде конденсат пайда болады, гаджет жарамсыз болып қалады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Сергей Половников суықта смартфонды көшеде қолданбау керектігін Sputnik радиосына берген сұхбатында айтқан.
Ол қыста смартфонды көшеде қолданып, жылы бөлмеге кіргенде құрылғының бөлшектерінде конденсат пайда болатынын, бұл гаджеттің жарамсыз болуына алып келетінін ескерткен.Телефоныңыздың батареясы суықта жақсы жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ ол кенеттен зарядын жоғалтады деп қорқудың қажеті жоқ, өйткені ол суықта қатты қызбайды. Content-review.com басшысы смартфонды минус 40-тан төмен температурада пайдаланудың зиянын айтты.
«Мен минус 40 градус болса, сыртта смартфонды пайдалануға кеңес бермеймін. Ал минус 20-ға дейінгі температура оған зиян тигізбейді», – деп түйіндеген Половников.