16 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды – Саясат Нұрбек
16 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды –  Саясат Нұрбек
944
оқылды
Соңғы 2 жылда 16 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр жоғары оқу орындары лицензиясынан тек соттың шешімен айырылатынын қадап айтты. Ал Конституцияға сәйкес Үкімет те, атқарушы билік те соттың шешімін өзгерте алмайды.
– «16 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды. Биыл 15 университет тексеруде тұр. Алайда 2023 жылдан бастап жоғары оқу орындарын мемлекеттік бақылау моделі өзгереді. Осылайша, жаңа реттеу саясаты енгізіледі. Біз бұл мәселені мұқият қарастырамыз. Университетті бұрынғыдай тез жабуға мүмкіндік болмайды. Себебі, заңдағы принцип өзгереді. Бірақ, бұл жұмысты жалғастырамыз. Президент нақты тапсырмалар берді. Оған қатысты саясат өзгерген жоқ. Сапасыз білім берген жоғары оқу орындарын қатаң реттеу принципі қолданылады», – деді Саясат Нұрбек.