Студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі
Студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі
713
оқылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомство алқасында ел студенттерін қандай жаңалықтар күтетінін айтты. Министрдің айтуынша, бірінші кезекте шәкіртақылар қаралады.
– "2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысын екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2025 жылдан бастап келесі кезеңде де осындай өсім болады. Сондықтан бюджетте қаржыландырудың қажет көлемін қарастыру маңызды. Біз жоғары оқу орындарының шәкіртақысы мен профессорлық-оқытушылық құрамның еңбекақысын сапалы түрде арттыра алу үшін гранттардың құнын біртіндеп көтереміз", – деді Саясат Нұрбек.