Ертіс ауылында 7 адамның уланып қайтыс болуына байланысты сот үкімі шықты
Ертіс ауылында 7 адамның уланып қайтыс болуына байланысты сот үкімі шықты
798
оқылды
Павлодар облысы Ертіс ауылында 7 адамның уланып қайтыс болуына байланысты сот үкімі шықты. Сотталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 2022 жылдың 26-27 мамыры аралығында Павлодар облысы Ертіс ауылының тұрғыны бес досына метил спиртін тегін берген. Метанолды абайсызда қолдану нәтижесінде жеті адам қайтыс болды. Сотталушының кінәсі өзінің және жәбірленушілердің сөзінен, сондай-ақ, құжаттармен дәлелденді.
– "Прокурор 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушілер соттың шешіміне сүйенді. Сотталушы мен оның қорғаушысы бас бостандығынан айырмауды сұрады", – деді сотта.
Сотта қылмыскердің айыбы абайсыз қылмыстарға жататынын және ол үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылғанын айтты. Жеңілдететін мән-жайлардың болуына және ауырлататын жағдайлардың болмауына байланысты оған ең төменгі қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады.