Ренат Бектұров "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болып тағайындалды
Ренат Бектұров "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ренат Нұрмолдаұлы Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымына тағайындалды.
«Ренат Нұрмолдаұлы Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымына тағайындалсын» делінген Ақорда хабарламасында.
Бұған дейін АХҚО басшысы қызметін Қайрат Келімбетов атқарған болатын.