БҚО-да мал бағып жүріп жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды
БҚО-да мал бағып жүріп жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды
© БҚО ТЖД
Батыс Қазақстан облысында мал бағып жүріп адасып кеткен жасөспірім табылды. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 қаңтар күні Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі аумағында болды. – «Қоскөл ауылынан 4 шақырымдай жерде 2008 жылғы жасөспірім мал бағып жүріп, сағат 10:00-де ауа райының нашарлауына байланысты бағытынан жаңылған. Бұл туралы сағат 15:48-де хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына ТЖ, полиция бөлімдері, жергілікті атқарушы органдар және тұрғындар жұмылдырылды. Соның нәтижесінде сағат 16:40-та жасөспірім аман-есен табылды. Ол медициналық көмекті қажетсінген жоқ. БҚО ТЖ департаменті жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін еске салады. Әсіресе, қариялар мен балалардың жалғыз кетпегені дұрыс», – деп хабарлады ведомство.