Елге кіріп-шыққандарға шектеу жоқ
Елге кіріп-шыққандарға шектеу жоқ
241
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жайында айтып берді. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қараша айының соңынан бастап сырқаттану өсімі байқалған. Желтоқсан айында сырқаттанғандардың орташа тәуліктік саны КВИ+ 200-ге дейін жетті. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республика және барлық өңір жасыл аймақта орналасқан. Павлодар облысын қоспағанда республика бойынша 19 өңірде инфекцияның таралу көрсеткіші (R) бірліктен төмен. Сондай-ақ ол уақытылы вакцина алу және ревакцинация, халық көп жиналатын орында бетперде тағу, адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу, қолды өңдеу үшін антисептик немесе дезинфекциялық майлық пайдалануды ұсынды.
«Елімізде және әлемде коронавируспен сырқаттанудың өсуіне байланысты қосымша шектеу шараларын енгізу туралы БАҚ-тың көптеген сұрауын ескере отырып, Қазақстанда елге кіру кезінде де, әлемнің кез келген еліне, оның ішінде ҚХР-ға шығу кезінде де қандай да бір шектеу шараларын енгізу жоспарланбайды», – деді бас мемлекеттік санитария дәрігері.