Адамзаттың Абайы

Адамзаттың Абайы

«Қазақ өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен мақтана алады. Олардың саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кем емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше. Бірақ біз ұлы ойшылымызды жаһан жұртына лайықты деңгейде таныта алмай келеміз» деген Президент Қ.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында.

Адамзаттың Абайы

Соған орай, ұлы ойшылды әлемге таныту мақсатында ұйымдастырылған шараның негізі Чехия астанасы Прагада «Абай» мәдени-ақпараттық орталықталығы ашылуы болды. Қазақстанның Чехиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин: «Біз Абай атамыздың мерейтойын мемлекет аясында ғана емес, шетелдерде де насихаттауды қолға алып отырмыз. Бұл ретте Чехия ұлттық кітапханасына ризашылығымызды білдіреміз. Сонымен қатар елімізден келген делегацияға үлкен алғыс айтқымыз келеді. Абай өлеңдеріне, қара сөздеріне, деректі құжаттарға, аудио, бейне материалдарға толы үлкен орталық Абай тағылымымен қоса қазақ ұлтының да дәстүр-салты мен әдет-ғұрпынан көп ақпарат береді» деді.

Адамзаттың Абайы

«Ұлы Абай – Еуропа төрінде» атты кітап көрмесі өтіп, арты Венгрия астанасы Будапешт қаласында Түркі Кеңесінің Мажарстандағы салтанатты кеңсесінде Венгрия және Қазақстан зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Абай оқуларымен» жалғасын тапты.⠀Аталмыш шараға Венгриядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқанұлы, түрколог-ғалым Дәуіт Шомфай Қара, қоғам қайраткері Айша Мандоки қатысты.

Адамзаттың Абайы

Будапештің Сечени атындағы Ұлттық кітапханасына Абай мұрасын насихаттауда кітаптар сыйға беріліп, Қазақстаннан арнайы барған делегация елшілікпен бірге баба рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл қойды. Қазақстан делегациясы құрамында  ҚР Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжанов, абайтанушы Тұрсын Жұртбай, Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева   және өңірлердегі кітапхана басшылары, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері бар.

 

Роза Кабиева, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі директоры

 

 

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.