Жөргекпұлдың «жасы» өсті
Жөргекпұлдың «жасы» өсті
767
оқылды
Осы күні жаңа туған баласының қа­мын күйттеп, үйінде отырған ана­лар аз емес. Оларға мемлекет та­рапынан жәрдемақы, ұғынықты тіл­мен айтқанда, бала 1 жасқа тол­ған­ға дейін жөргекпұл берілетіні аян. Биылдан бастап бұл жөргек­пұл­дың мерзімі ұлғайып, бір жарым жасқа дейін берілетін болды. Жаңа­лықтың аналарға жаққаны рас. Де­генмен мөлшеріне қатысты мәселе туын­дайтындай. «Жартының» жақсылығы көп Бәріне белгілі, бұған дейін бала күті­міне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сә­би 1 жасқа толғанға дейін төленіп кел­ді. Енді 2023 жылдың қаңтарынан бастап осы төлем бір жарым жылға ұзартылады. Яғни, 2022 жылы туған бала үшін жәр­демақы автоматты түрде жарты жылға со­зылады. Ал 1 қаңтардан кейін туған ба­лаға бірден 1,5 жылға тағайындалмақ. Бұл жәрдемақы балаға қарайтын, мін­детті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қа­тыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Бірінші ба­лаға – 5,76 АЕК немесе 19 872 теңге; екін­ші балаға – 6,81 АЕК немесе 23 495 тең­ге; үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 27 083 теңге; төртінші және одан кейінгі ба­лаларға – 8,90 АЕК немесе 30 705 теңге. Ал декретке дейін жұмыс істеген әйел­дердің бала күтіміне байланысты ала­тын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бө­лек есептеледі. Оның мөлшері бала туған­ға дейін соңғы екі жылдағы орташа ай­лық табыстың 40 пайызын құрайды. 2022 жылғы санақ бойынша аталған жәрдемақы түрін, жөргекпұлды 160 мың­нан астам адам алып отыр екен. Елімізде 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған тө­лемнің орташа мөлшері – 41 мың тең­ге. Бұл игіліктің түпкі мәні былтыр ай­ты­ла бастаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Жол­дауында осы жаңалықты жеткізген болатын.
«Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ба­ла күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сә­би бір жарым жасқа толғанға дейін ұзар­тамыз. Балалардың ең маңызды ша­ғында – сәби кезінде ата-аналары жа­нын­да көбірек болады», – деген еді Пре­­­зидент.
Рас, қазір жұмыстың қарбаласымен ата-аналардың қолы босай бермейді, бала тәрбиесіне толыққанды көңіл бөле ал­май қалатыны да жасырын емес. Со­ның салдарынан есін енді жия бастаған бүл­діршіндер бала күтуші мен балабақ­ша­лардан «тәлім» алуда. Ал ата-ана бере­тін жылулықтың жайы қашан да бөлек. Бұн­дай хабарды естіп, жер-жерде ата-ана­лардың қуанып жатқанын аңғардық. Не де болса, бала болашағы мен тәрбиеге зер салуға ықпалдасқан қадамның пай­дасы орасан. Тіпті, демографиялық қар­қын­ның өсуіне де септесер дүние десек, ар­тық айтқандық емес. Бұл жаңалық ең ал­ғаш айтылғаннан-ақ қуанғандардың қа­тарында қарағандылық көпбалалы ана Жанат Сағадиева да болған.
«Қазір 5 қызым бар, енді, міне алтын­шы баланы күтіп жүрміз. Бұйыртса осы жы­лы. Балалар туғанда 1 жасқа дейін ғана бо­латын жәрдемақымыз, енді 1,5 жасқа де­йін созылып отырғаны қатты қуантты», – дейді ол.
Мөлшері мандытпай ма? Енді екінші кезектегі мәселе жол тосып тұрғандай. Қазір үйде бала күті­мі­мен отырған аналар сәбиі бір жастан асар-аспастан жұмысқа шығуға асығады. Әри­не, оларды ешкім айыптамайды, жағ­дай түсінікті, қаржылық жағдай от­басын қыспаққа салғанда жолдасына жәр­дем болу ниетімен баласына күтуші жал­дап әуреге түседі. Баланың жөр­гек­п­ұлы бір жарым жылға ұзартылғаны сөзсіз жақсы хабар. Әйткенмен, жұмысқа шы­ғуға асығатын аналардың қатары азай­май­тындай. Демек, мәселе мерзіміне ға­на емес, жөргекпұлдың қаржылық мөл­­­­шеріне де байланысты. Қызылорда қа­ласының тұрғыны Назерке Саниязова да осы пікірді құптаушылардың бірі.
«Жөргекпұлдың мерзімі ұзарғаны жақ­сы, дегенмен оның сомасына да өз­ге­ріс енгізсе жөн болар еді. Мысалы, қар­жысын екі еселесе. Неге? Бала күті­мін­дегі әйелдер бір жылдан кейін жұмыс­қа қайта шығуға қам жасайды. Өйткені осы аралықта мемлекет көмегі тоқтайды. Ал ол ортайған табыстың орнын толтыр­ғы­сы келеді. Баланы алып қалатын ата-әжесі болса жақсы. Бірақ бәрінде олай емес. Сондықтан ерте жастан бала күту­ші­сін жалдайды немесе екі жасқа тол­ға­нын күтіп, балабақшаға береді. Ет жа­қыны болмаса күтушіге сену қиын. Бәрі же­тіп тұрса, әйелдер жұмысты ойлап алаң­дамай, бала тәрбиесімен алаңсыз ай­налысар еді», – дейді ол.
Қалай алғанда да, бұл сөздің жаны бар. Мемлекет балалар қамына ерекше бө­ліп жатқаны анық. Мәселен, Ұлттық қор­дан бала 18 жасқа толғанша қаржы ау­даратын болды. Міне, жөргекпұлдың мер­зімін ұзартты. Енді көлеміне де мән бер­се деген талап-тілекті ата-аналар ай­тып жүр. Біздің ойымызша, бұл жайт ма­сылдыққа жатпайды. Өйткені жай сұран­шақтық емес, балалардың бола­ша­ғына, тәрбиесіне зер салуға үндейтін амал.   Әлия Әлия ӘБСЕМЕТОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Бұл – бастамасы ғана

Жөргекпұлдың 1,5 жасқа ұзартылуы аналар үшін үлкен артық­шылық екені сөзсіз. Біріншіден, бұл аналардың ма­териалдық жағынан қамтамасыз етілуі секілді мәселелерді ше­шеді. Өз кезегінде аналар еш уайымдамай, бала күтімі бойын­ша қажетті қаражатқа иек арта алады. Жалпы, менің ойым­ша, аналарға жасалатын жағдай бұл кез келген мем­лекеттің даму деңгейінің көрсеткіші. Жөргекпұлдың құнынан келер болсақ, менің ойымша, жыл өткен сайын жөргекпұл да тиісінше ақырындап өсіп келеді. Бұл, әсіресе жұмыс істемейтін әйелдерге аса қажет дүние ғой. Біздің елімізде халықтың түрлі категориясы бар. Оның қатарында аз қамтылған отбасылар, көпбалалы ана­лар, жалғызбасты аналар бар. Міне, дәл осы категория үшін жөргекпұл мерзімінің ұзар­тылуы өте жақсы көмек. Президентіміз айтқандай, «балалардың ең маңызды ша­ғында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады». Расымен, аналар балаларға көбірек көмек бере алады, үйде баласының жанында көп уақыт өткізе алад­ы деген сияқты артықшылықтары өте көп. Бұл бастамасы ғана деп ойлаймын.