10-қабаттан секіріп кеткен – Павлодардағы қылмысқа қатысты үшінші күдікті ұсталды
10-қабаттан секіріп кеткен – Павлодардағы қылмысқа қатысты үшінші күдікті ұсталды
2,292
оқылды
Павлодарда жасөспірімдер үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісін топ болып зорлаған іске қатысты үшінші адам қамауға алынды. Бұл туралы Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында жазды.
"Қамауға алу үшін зардап шеккен қыздың адвокатына бес ай қажет болды", – деп жазды қоғам белсендісі.
Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі үшінші адам қамауға алынғаны туралы ақпаратты растаған.
– "Бұл дерек бойынша үш күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – қамауда ұстау таңдалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", – деді өңірдің ПД баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, 16 жастағы қыз былтыр жазда 10 қабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен болатын. Кәмелетке толмаған қыз ағаштарға құлап, аман қалды. Павлодарлық бұл қадамға үш жігіт зорлағаннан кейін барғаны белгілі болды. Олардың бірі әпкесінің сыныптасы болып шыққан. Олар қызды пәтерге алдап әкеліп зорлаған.