5 облыстағы республикалық автожолдардың 23 учаскесінде қозғалыс шектелді
5 облыстағы республикалық автожолдардың 23 учаскесінде қозғалыс шектелді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды QazAvtoJol ұлттық компаниясы. Ақмола, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қардың көп түсуіне, боран мен көрінудің шектелуіне байланысты республикалық трассалар жабылды.