АҚШ Мерседестің толық өздігінен жүретін көлігін мақұлдады
АҚШ Мерседестің толық өздігінен жүретін көлігін мақұлдады
Mercedes Невадада (АҚШ) 3-ші деңгейлі автономды жүргізу жүйесінің мақұлдануын тойлауы мүмкін. Компания басшылары технологияны жаңарту әлі де жалғасуда екенін мәлімдеді. Фото Mercedes-Benz сайтынан алынды
761
оқылды
Mercedes Невадада (АҚШ) 3-деңгейлі автономды жүргізу жүйесінің жақын арада мақұлдануын тойлауы мүмкін. Компания басшылары технологияны жаңарту әлі де жалғасуда екенін мәлімдеді. CES 2023 көрмесінде сөйлеген сөзінде Mercedes-тің техникалық директоры Маркус Шефер Невада мен Калифорния үшін DRIVE PILOT жүйесін ұсына отырып,  апат болған жағдайда кімнің жауапқа тартылатыны туралы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жаңа жүйенің техникалық жаңартуларын егжей-тегжейлі баяндап берді. Mercedes-тің жаңа автономды басқару жүйесінің ерекшеліктері туралы SlashGear технологиялық сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_235116" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок2 DRIVE PILOT қосылғанда жүргізуші көлікті басқаруды жүйеге толық сеніп тапсыра алады. Жүргізуші алдағы жолға қарамай-ақ телефонда ойындар ойнап немесе фильм көріп демала береді. Фото Mercedes-Benz сайтынан алынды[/caption] DRIVE PILOT жолақтарға бөлінген магистралдарда жұмыс істеуге арналған жүйе. Ол көліктің жылдамдығын сақтауға және жолақтағы орнын сақтауға толық мүмкіндік береді. Mercedes-тің бұрынғы жүйелерінен DRIVE PILOT-ты ерекшелендіретін нәрсе жүйе белсенді болған кезде жүргізуші көлікті басқаруды оған толық сеніп тапсыра алады.
Рөлде отырған адам алдағы жолға қарамай-ақ телефонда ойындар ойнап немесе фильм көріп демала береді.
Жүйе Германияда 2022 жылдың басында іске қосылған. Бірақ, Mercedes бұл жүйені нақты қанша адам қолданып жатқанын айтпады. Қазіргі уақытта ол автомобиль өндірушінің ең қымбат көліктері, S-класс пен EQS моделдерінде қосымша опция ретінде ұсынылады. Олар сенсорлардың анағұрлым толық жиынтығымен, соның ішінде жақындап келе жатқан жедел жәрдем көліктерін ажырата алатын сыртқы микрофондармен жабдықталған. [caption id="attachment_235118" align="aligncenter" width="1559"]Рисунок3 Бастапқыда DRIVE PILOT 64 км/сағ жылдамдыққа дейін рұқсат етіледі. Одан жоғары жылдамдықта жауапкершілік адамға жүктеледі. Фото Mercedes-Benz сайтынан алынды[/caption] Mercedes жаңа жүйеге рұқсат алу құжаттарын Невада мен Калифорниядағы DMV басқармасына 2022 жылдың қараша айының соңында тапсырды. Қаңтардың алғашқы күндері Невададан олардың мақұлданатыны туралы жақсы хабар алды. Ал, Калифорния өзінің шешімін бірнеше аптадан кейін жариялайды деп күтілуде. Маркус Шефер технологияны қабылдауда америкалық штаттардың билігі мұндай тәжірибеге өте сақтықпен және мұқият қарағанын айтады. Таңдалған екі штатта Mercedes көп сатылатын нарық деп саналады. Бастапқыда DRIVE PILOT 64 км/сағ жылдамдыққа дейін рұқсат етіледі. Одан жоғары жылдамдықта жауапкершілік адамға жүктеледі.
Егер рұқсат етілген жылдамдықтан жоғары жылдамдықта жүргізуші адам көлікті өз басқаруына қайтармаса және дыбыспен, жарықпен, дірілмен назар аударатын ескертулерді елемесе көлік өздігінен тоқтайды.
[caption id="attachment_235119" align="aligncenter" width="1949"]Рисунок4 АҚШ-тың DMV басқармасымен болған пікірталастардың бастысы қандай жағдайда жүргізуші, қандай жағдайда көліктің автономды жүйесі жауапты болатынын егжей-тегжейлі түсіндірумен байланысты болған. Дегенмен, Мерседес «жауапкершілік» деген сөзден қашпайтынын мәлімдеді. Фото Mercedes-Benz сайтынан алынды[/caption]
Шефер былтырдан бері ережелер айтарлықтай жеңілдегеніне тоқталды. Шын мәнінде, жаңа жүйеге 120 км/сағ немесе шамамен 74 миль/сағ жылдамдыққа рұқсат етілген және Mercedes Германияда DRIVE PILOT жұмыс істейтін жылдамдықты арттыруды жалғастыруда.
АҚШ-тағы құқықтық орта біршама күрделі, өйткені әр штат автономды көлік жүргізуге қатысты өз заңдарын қабылдаған. Мерседес сағатына 40 миль шектеуден бастады, бірақ уақыт өте келе оны өсірмекші. Тағы бір технологиялық сипат – жаңа жүйені қолдануға рұқсат берілген штаттың аймағынан шыққан кезді DRIVE PILOT автоматты түрде өшеді. Әрине, жаңа жүйе әрқашанда мінсіз бола бермейді. Жүргізушіге қосымша көмек көрсетуге арналған 2-деңгейлі жүйеде апатты жағдайда рөлдегі адам жауапты болады. Бұл туралы Aikyn.kz қараша айында жазған болатын.   [caption id="attachment_235120" align="aligncenter" width="1949"]Рисунок5 Шын мәнінде, жаңа жүйеге 120 км/сағ жылдамдыққа рұқсат етілген. Жаңа жүйені қолдануға рұқсат берілген штаттың аймағынан шыққан кезді DRIVE PILOT автоматты түрде өшеді. Фото Mercedes-Benz сайтынан алынды[/caption] Mercedes басшылары автономды технологиялардың қауіпсіздігіне, оның ішінде DRIVE PILOT-қа өте мұқият қарайды. Шефердің айтуынша, автомобиль өндірушісі АҚШ-тың DMV басқармасымен болған пікірталастардың бастысы қандай жағдайда жүргізуші, қандай жағдайда көліктің автономды жүйесі жауапты болатынын егжей-тегжейлі түсіндірумен байланысты болған. Дегенмен, Мерседес «жауапкершілік» деген сөзден қашпайды.
«Жауапкершілік – бұл біз талқылайтын тағы бір пікірталас. Иә, біз үлкен тәуекелге барамыз. Біз, компания ретінде жоғары тәуекелді қабылдаймыз. Сондықтан біз бизнес ретінде осыны ескереміз», – деп келіседі Шефер.
Бір сөзбен айтқанда, егер DRIVE PILOT қателессе Mercedes жауап беруге дайын. Қазірдің өзінде болашақ шығындарды жабуға бөлінген қомақты қор бар. [caption id="attachment_235121" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок6 DRIVE PILOT функциясы жүргізуші артқы орындыққа ауысқан немесе ұйықтап қалған жағдайда оның көзін қадағалайтын камера орнатқан. Егер жүргізуші көзін тым ұзақ жұмса, жүйе көлікті басқаруды жүргізушіге қайтарады. Фото Mercedes-Benz сайтынан алынды[/caption] Жүргізуші DRIVE PILOT функциясын қосып жолда болып жатқан жағдайдан толығымен бас тартпасы да белгілі.
Техникалық директор «жүргізушінің орнын тастап, артқы орындыққа секіруге болмайтынын, ұйықтай алмайтынын ескертеді. Өйткені, неміс автомобиль өндірушісі жүргізушінің көзін қадағалайтын камера орнатқан. Егер ол көзін тым ұзақ жұмса, жаңа жүйе көлікті басқаруды жүргізушіге қайтарады.
Mercedes-Benz басқа бәсекелестеріне қарағанда автономды технологияға әлдеқайда сақтықпен қарайды. Бұл стратегияның таңдалғаны бекер емес: неміс автомобиль өндірушісі Tesla-дан гөрі консервативті беделге ие. Бірақ, Еуропадағы сияқты Mercedes Солтүстік Америкада да тұңғыш болып 3-деңгейде жұмыс істейтін DRIVE PILOT жүйесін іске қосады деген сенім бар.