Mercedes Невадада (АҚШ) 3-деңгейлі автономды жүргізу жүйесінің жақын арада мақұлдануын тойлауы мүмкін. Компания басшылары технологияны жаңарту әлі де жалғасуда екенін мәлімдеді. CES 2023 көрмесінде сөйлеген сөзінде Mercedes-тің техникалық директоры Маркус Шефер Невада мен Калифорния үшін DRIVE PILOT жүйесін ұсына отырып, апат болған жағдайда кімнің жауапқа тартылатыны туралы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жаңа жүйенің техникалық жаңартуларын егжей-тегжейлі баяндап берді. Mercedes-тің жаңа автономды басқару жүйесінің ерекшеліктері туралы SlashGear технологиялық сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_235116" align="aligncenter" width="1225"]
Рөлде отырған адам алдағы жолға қарамай-ақ телефонда ойындар ойнап немесе фильм көріп демала береді.Жүйе Германияда 2022 жылдың басында іске қосылған. Бірақ, Mercedes бұл жүйені нақты қанша адам қолданып жатқанын айтпады. Қазіргі уақытта ол автомобиль өндірушінің ең қымбат көліктері, S-класс пен EQS моделдерінде қосымша опция ретінде ұсынылады. Олар сенсорлардың анағұрлым толық жиынтығымен, соның ішінде жақындап келе жатқан жедел жәрдем көліктерін ажырата алатын сыртқы микрофондармен жабдықталған. [caption id="attachment_235118" align="aligncenter" width="1559"]
Егер рұқсат етілген жылдамдықтан жоғары жылдамдықта жүргізуші адам көлікті өз басқаруына қайтармаса және дыбыспен, жарықпен, дірілмен назар аударатын ескертулерді елемесе көлік өздігінен тоқтайды.[caption id="attachment_235119" align="aligncenter" width="1949"]
Шефер былтырдан бері ережелер айтарлықтай жеңілдегеніне тоқталды. Шын мәнінде, жаңа жүйеге 120 км/сағ немесе шамамен 74 миль/сағ жылдамдыққа рұқсат етілген және Mercedes Германияда DRIVE PILOT жұмыс істейтін жылдамдықты арттыруды жалғастыруда.АҚШ-тағы құқықтық орта біршама күрделі, өйткені әр штат автономды көлік жүргізуге қатысты өз заңдарын қабылдаған. Мерседес сағатына 40 миль шектеуден бастады, бірақ уақыт өте келе оны өсірмекші. Тағы бір технологиялық сипат – жаңа жүйені қолдануға рұқсат берілген штаттың аймағынан шыққан кезді DRIVE PILOT автоматты түрде өшеді. Әрине, жаңа жүйе әрқашанда мінсіз бола бермейді. Жүргізушіге қосымша көмек көрсетуге арналған 2-деңгейлі жүйеде апатты жағдайда рөлдегі адам жауапты болады. Бұл туралы Aikyn.kz қараша айында жазған болатын. [caption id="attachment_235120" align="aligncenter" width="1949"]
«Жауапкершілік – бұл біз талқылайтын тағы бір пікірталас. Иә, біз үлкен тәуекелге барамыз. Біз, компания ретінде жоғары тәуекелді қабылдаймыз. Сондықтан біз бизнес ретінде осыны ескереміз», – деп келіседі Шефер.Бір сөзбен айтқанда, егер DRIVE PILOT қателессе Mercedes жауап беруге дайын. Қазірдің өзінде болашақ шығындарды жабуға бөлінген қомақты қор бар. [caption id="attachment_235121" align="aligncenter" width="1225"]
Техникалық директор «жүргізушінің орнын тастап, артқы орындыққа секіруге болмайтынын, ұйықтай алмайтынын ескертеді. Өйткені, неміс автомобиль өндірушісі жүргізушінің көзін қадағалайтын камера орнатқан. Егер ол көзін тым ұзақ жұмса, жаңа жүйе көлікті басқаруды жүргізушіге қайтарады.Mercedes-Benz басқа бәсекелестеріне қарағанда автономды технологияға әлдеқайда сақтықпен қарайды. Бұл стратегияның таңдалғаны бекер емес: неміс автомобиль өндірушісі Tesla-дан гөрі консервативті беделге ие. Бірақ, Еуропадағы сияқты Mercedes Солтүстік Америкада да тұңғыш болып 3-деңгейде жұмыс істейтін DRIVE PILOT жүйесін іске қосады деген сенім бар.