2022 жылдың қазанында PepsiCo компаниясы Tesla-ның бірнеше электр жүк көлігін сатып алды. Кейбір күмәнді пікірлерге қарамастан, 1 желтоқсанда PepsiCo осы ғажайып жүк көліктерін алған алғашқы компания болды. Алкогольсіз сусындар өндіретін компания 2017 жылдың желтоқсан айында Tesla өзінің жаңа туындысын әлемге алғаш рет таныстырғаннан кейін бір айдан соң 100 электр жүк көлігіне тапсырыс берген. Бұл туралы Slash Gear технологиялық сайтының материалына сүйеніп Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_235128" align="aligncenter" width="1225"]
Бұл Tesla үшін маңызды болғанымен электр жүк көліктерінің бірі бұзылған екі сурет оқиғаға көлеңке түсіріп отыр. Tesla Semi электр жүк көлігі танымалдығы жоғары компанияның қолданысына берілгеннен кейін интернетте таралған суреттер екі компанияның да беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.Tesla да, Pepsi де суреттерге түсініктеме бермеген. Фотосуретте Pepsi бренді бейнеленген Tesla Semi жүк көлігін үлкен эвакуатор сүйретіп жатқаны көрсетілген. Бұл суреттер Tesla-ның абырой-беделіне жасалған шабуыл деп бағалауда. [caption id="attachment_235131" align="aligncenter" width="1225"]
Егер осы жүк көліктерінің бірі аз ғана уақыт қолданыстан кейін бұзылған болса, онда бұл Tesla-ның басқа бәсекелестермен салыстырғанда нашар өнім шығарғанын көрсете ме? Бұл сұраққа сарапшылардың, әзірше, жауабы жоқ.Қорыта айтар болсақ, PepsiCo бұл эксперименталды үлкен электр қондырғыларына ауысудан көңілі қалса, онда басқа сатып алушылар да өз жоспарларын өзгертуі мүмкін. Мұндай шешім Tesla үшін және жалпы коммерциялық электр көлігі сегменті үшін өте өкінішті болары анық.