Мұз ойылып, Жайық өзеніне батып кеткен ер адам үшінші күн іздестіріліп жатыр
Мұз ойылып, Жайық өзеніне батып кеткен ер адам үшінші күн іздестіріліп жатыр
615
оқылды
2023 жылдың 5 қаңтарында Атырау облысы, Жұмыскер ауылы маңында Жайық өзенінде мұз ойылып, екі адам су астына түсіп кеткен. Олардың бірі құтқарылып, ал екіншісін іздеу әлі де жалғасуда. Бұл туралы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады. 2023 жылдың 7 қаңтарында Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мұз ойылып, өзенге түсіп кеткен азаматтың денесін іздеу жұмыстарын ары қарай жалғастырды. Айта кетсек, 2023 жылы 5 қаңтарда сағат 11:14-те Атырау қаласы Жұмыскер ауылы Жайық өзенінде мұз ойылып, 2 адам суға түсіп кеткен. Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен және Атырау облысы полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, 1974 жылғы К. құтқарылып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал 1975 жылғы ер адамды су астынан іздеу жұмыстары әлі күнге жалғасуда.