Лифтте мысық тепкен: Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
Лифтте мысық тепкен: Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
838
оқылды
Лифтте мысық тепкілеген Астана тұрғыны 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде жас жігіт мысықты тепкен видео пайда болған. Оның үстінен ҚР ҚБК-нің «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) және «Жануарларға қатыгездік көрсету» баптары бойынша іс қозғалды.
"Сот талқылауы барысында М. өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Сот оны Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 күнге әкімшілік қамауға алды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.