Ақтөбеде 1,5 миллиард теңге салық төлеуден жалтарған компания басшысы қамалды
Ақтөбеде 1,5 миллиард теңге салық төлеуден жалтарған компания басшысы қамалды
Ақтөбеде 1,5 миллиард теңге салық төлеуден жалтарған компания басшысы анықталды. Экономикалық тергеу департаменті "Ақтөбеэлектросетьстрой" ЖШС директоры Болат Көшкеновті 2015-2017 жылдар аралығында 1 миллиард 491 миллион теңге сомасында салық төлемеді деп айыптады, – деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.  Басылым мәліметінше, компания директоры кінәсін мойындамаған. Айыпталушы мемлекеттік сатып алумен жұмыс істеп, қосалқы мердігерлердің қызметіне жүгінгенін және жалған шот-фактураларды пайдаланбағанын айтқан. Бірақ, сот Болат Көшкеновті салық төлемегені үшін кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ, сот оны мемлекетке 1 миллиард 491 миллион теңге көлемінде залалды өтеуге міндеттеген.