Қытайдың шығысында көлік апатынан 17 адам көз жұмды
Қытайдың шығысында көлік апатынан 17 адам көз жұмды
581
оқылды
Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында болған көлік апаты салдарынан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні China Central Television мәлімдеді.
«Апат салдарынан 17 адам мерт болып, 22-сі жарақат алған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жіберілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр» делінген хабарламада.
Апаттың жай-жапсары айтылмаған.