Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газына тұншығып қаза тапты
Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газына тұншығып қаза тапты
2,163
оқылды
Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газынан уланып қаза болды. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бүгін, 8 қаңтарда сағат 10:30 шамасында тіршілік белгілері жоқ адамдар отырған көліктің табылғанын мәлімдеді. Көлік "Сарытау" шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.
«8 қаңтарда сағат 10.30-да гараждағы көліктен 18 жастағы қыз бен үш жігіттің мәйіті табылды, олардың бірі 18, екеуі 16 жаста. Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр» делінген хабарламада.