18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Сианьда (Қытай) өткен The Belt and Road 2023 to World Chess Woman’s Summit турнирінде екінші орын алды, деп хабарлайды Sports.kz. Бибісара да әзербайжандық шахматшы Гюнай Мамедзаде де 8,5 ұпайдан жинады. Алайда жерлесіміз қосымша көрсеткіштер бойынша «алтынды» әзербайжандық қарсыласына берді.
«Демалыс күндері турнирді жақсы өткіздім. Ешкімнен жеңілмедім және қосымша тағы бір ұпай алуға болатын еді. Өкінішке қарай, тай-брейкте ойнауға болмайды, сондықтан үшінші қосымша ойын бойынша (жеңіске жеткен ойын саны бойынша) екінші орын алдым. Келесі жолы партияларды соңына дейін жеткізу керек»,- деп жазды Бибісара Асаубаева Instagram-дағы парақшасында.