Алматы облысында ІІМ мен ҰҚК бірлесіп, ірі есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, 7 қаңтарда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері бірге ауқымды синтетикалық есірткі өндірісімен шұғылданған күдіктіні ұстады. Анықталған есірткі зертханасын тінту барысында 30 келі «мефедрон» психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер табылып, тәркіленді. https://youtu.be/mhhMkjnffx4 Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел іздестіру жүргізілді. Қазір синтетикалық есірткі өндірісіне қажетті жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр. Аталмыш факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.