Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен қарияның мәйіті табылды  
Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен қарияның мәйіті табылды  
Фото: ПД-нен алынды
885
оқылды
Оқиға Түркістан облысы Түлкібас ауданында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Полицейлер 8 қаңтар күні үйінен шығып, қайта оралмаған ер адамды жан-жақтан іздеді. Хабар-ошарсыз кеткен Түлкібас ауданы Қызылту ауылының тұрғыны Молдабек Игенбаевтың мәйітін егістіктен тапты. Егде жастағы ер адамның қыста айдаладағы егістік алқабына қандай шаруамен барғаны әзірге беймәлім. Полиция оқиғаға қатысты өзге деректі жарияламады. Ескерту! Видеоны 18 жасқа толмаған балалар мен жүрегі әлсіз адамдарға қарауға болмайды. Бейнежазба Instagram-дағы _dobryaki_shymkenta парақшасында жарияланды.