Үкімет қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Әділет вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды. Алмат Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Джордж Вашингтон университеті жанындағы Заң мектебін (АҚШ) тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Жастар таңдауы» ҚҚ заңгер болып бастады. 2009-2010 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2010 жылғы қазан айынан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап Әділет вице-министрі болды.