Жердегі мұздықтардың 40 пайызы еріп кетеді
Жердегі мұздықтардың 40 пайызы  еріп кетеді
2100 жылға қарай Жердегі мұздықтар климаттың жылынуы салдарынан өзінің массасының 26-41% жоғалтады деп болжануда. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
Халықаралық ғалымдар тобы 2100 жылға қарай Жердегі мұздықтар климаттың жылынуы салдарынан өзінің массасының 26-41 пайызын жоғалтады деп болжауда. Олар өздерінің зерттеу нәтижелерін Science ғылыми журналында жариялады. Aikyn.kz ғылыми еңбектің негізгі қорытындыларын оқырман назарына ұсынады. [caption id="attachment_235275" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок16 Орташа жаһандық температура 1,5-4 градус Цельсийге өзгерсе, мұздықтар 2100 жылға қарай өздерінің массасының 26-41 пайызын жоғалтады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Гренландия мен Антарктика – мұз қабаттарын қоспағанда, тау мұздықтары, көпжылдық мұз массалары  2 миллиардқа жуық адам үшін маңызды су ресурсы. Бүгінде оларға жаһандық жылынудың қаупі төніп тұр.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей орташа жаһандық температура 2015 жылғымен салыстырғанда 1,5-4 градус Цельсийге өзгерсе, мұздықтар 2100 жылға қарай өздерінің массасының 26-41 пайызын жоғалтады.
Бұл теңіз деңгейінің 9-15 сантиметр көтерілуіне және Жердегі барлық мұздықтардың 49-83 пайызының жоғалып кетуіне әкеледі. [caption id="attachment_235276" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок17 Мұздықтардың еруі температураның жоғарылауымен байланысты. Климаттың жылынуының алдын алу шаралары мұздықтардың жоғалуын азайтады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Мұздықтардың еруі температураның жоғарылауымен байланысты. Сондықтан «климаттың жылынуының алдын алу шаралары мұздықтардың жоғалуын азайтады»,  –  делінген АҚШ, Канада және еуропалық ғалымдардың біріккен еңбегінде.
БҰҰ-ның 2021 жылғы климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында ұсынылған баяндамаға сәйкес, әлем үкіметтері қабылдаған климаттық міндеттемелер бойынша жаһандық температура Цельсий бойынша 2,7 градусқа артуы мүмкін. Мұндай сценарий бойынша теңіз деңгейі шамамен 115 миллиметрге көтеріледі деген болжам бар.