Шымкентте сарбаз бен оның бауыры неден қайтыс болғаны анықталды
Шымкентте сарбаз бен оның бауыры неден қайтыс болғаны анықталды
Фото: Интернеттен алынды
Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғанын айтты. «Сарбаз бен оның бауыры газдан уланған, бауыры Шымкентте сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген. Осыған дейін БАҚ-тарда екі сарбаздың қайтыс болғаны туралы хабарланды, ол – қате мәлімет» делінген ресми мәліметте. Айта кетер жайт, осыған дейін «Шымкентте екі сарбаз қайтыс болғаны жайлы хабарлаған болатын.
Бірақ министрлік: «Қайтыс болғандардың бірі – офицер, шені – аға лейтенант. Оның бауыры – әскери қызметкер емес. Олар осы жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Қайғылы оқиға қызметтен тыс уақытта болған», – деді.
Қорғаныс министрлігі қайтыс болған ағайындылардың отбасына көңіл айтады.