Бірнеше өңірде 2-ауысым оқушылары сабақты қашықтан оқиды   
Бірнеше өңірде 2-ауысым оқушылары сабақты қашықтан оқиды   
Фото: k1news.ru
1,451
оқылды
Бүгін Қазақстанның үш өңіріндегі мектептерде 2-ауысым оқушылары сабақты қашықтан оқиды. 9 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласында 2-ауысымның 0-11(12)-сынып оқушылары, колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Сонымен қатар Семей мен Көкшетау қаласында да 2-ауысымдағы 0-11-сынып оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттері қашықтан білім алады. Бүгін өңірлердің басым бөлігінде аяз болады.