Боран, көктайғақта жол жабылғанда полицияға бағынбағандар қанша айыппұл төлейді?
Боран, көктайғақта жол жабылғанда полицияға бағынбағандар қанша айыппұл төлейді?
Фото: Жамбыл облыстық ПД-нен алынды
709
оқылды
Өткен аптада ауа райының қолайсыздығынан 9 облыста тасжолдар жабылды. Жолаушылардың бас амандығы үшін полиция жолды жабуға мәжбүр болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
«Биыл 3-4 қаңтарда алай-дүлей боран болды. Жалпы, 9 өңірде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 79 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Жолаушыларды құтқаруға 4 мыңнан астам адам және 1,5 мың техника жұмылдырылды. Өкінішке қарай, полицияның жолдағы қозғалыс шектеулерін елемей, қауіпті жолға шығып, өміріне қауіп төндіреді. Қар құрсауында қалған оларды құтқару үшін полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері тәуекелге барады. Көлік жүргізушілері жабық жолдарға шықпау жөнінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жағдайларда оларға 30 АЕК немесе 103 500 теңге айыппұл, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеміз», – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Бұған дейін Астанадан шығатын жолдар ашылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.