Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. Максим Александрович Споткай 1991 жылы туған. Білімі жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Инженер-менеджер. «Nur Otan» (қазіргі «AMANAT») ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы, ZamandaS Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы болған. Сондай-ақ «Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, «Павлодар облысының кәсіпорталығы» КАБ төрағасының міндетін атқарушы, «Павлодар кәсіпқызмет» ЖШС-ның директоры, Қазақстан Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ жетекшісі, бас сарапшысы, «Нұр-Медиа» ЖШС медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып қызмет істеген.