Антикор басшысының бұрынғы орынбасары жемқорлық күдігімен ұсталды
Антикор басшысының бұрынғы орынбасары жемқорлық күдігімен ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевтың ұсталғанын мәлімдеді. «2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстады. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.